АҚШ – Венесуэладағы тынышсыздық пен бүліктің негізгі факторы
(last modified Sun, 30 Jul 2017 02:49:52 GMT )
Шіл 30, 2017 08:49 Asia/Almaty
  • АҚШ – Венесуэладағы тынышсыздық пен бүліктің негізгі факторы

Венесуэла Республикасының Президенті бұл елдегі тынышсыздық пен бүліктің негізгі себебін АҚШ-тың араласушылығы деп атады.

Венесуэла Республикасының Президенті Николас Мадуро Russia Today телеарнасына берген сұхбатында: «Венесуэла оппозиционерлері АҚШ-тағы экстремистік күштердің қолдауына сүйенгендіктен дипломатияны қолданғысы да келмейді.

АҚШ ОББ-ның басшысы Майк Помпео Венесуэла үкіметін құлату үшін Колумбия және Мексикамен әріптестік жасағанын мойындады»,-деді.  Венесуэладағы наразылықтар мен тынышсыздықтар 2017 жылдың сәуір айынан басталды. Батысшыл  оппозиционерлер ел Президентінінің биліктен кетуін талап етуде.