Австралияда бір лаңкестік әрекет залалсыздандырылды
(last modified Sun, 30 Jul 2017 13:49:10 GMT )
Шіл 30, 2017 19:49 Asia/Almaty
  • Австралияда бір лаңкестік әрекет залалсыздандырылды

Австралияның премьер-министрі Малкольм Тернбулл елдің қауіпсіздік аппараттарының ұшақты құлатуды мақсат еткен бір лаңкестік жобаны залалсыздандырғанын хабарлады.

Жобаның алдын алу операцияларында 4 адам құрықталды. Тернбуллдың айтуы бойынша, Австралияның әуежайларында қауіпсіздік орнаған. Австралияның лаңкестікпен күрес полициясы сенбі күні полиция күштерінің Сидней қаласының төрт ауданында лаңкестікке қарсы операцияларды жүзеге асырғанын мәлімдеді. Австралия –  2014 жылдан бері лаңкестер тарапынан ықтималды шабуылдармен күресуге дайын жағдайда отырған ел.

 

 

 

Тегтер