Ресейде ирандық мәдениет пен өркениет және қасиетті қорғаныс тақырыбында павильон ашылды
Там 02, 2017 02:48 Asia/Almaty
Ресейдегі 2017 жылғы Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі аясында Мәскеу қаласының маңындағы "Патриот" саябағында Ирандық мәдениет пен өркениет және қасиетті қорғаныс тақырыбында павильон ашылды.
Ресейде жыл сайын өтетін Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалінің соңына дейін, яғни, тамыз айының он үшіне дейін өтетін осы көрмеде хикаялар, майдандық суреттер, Иран халқының тылдағы көмектері, Қасиетті қорғаныс кезіндегі түрлі амалдар мен оның нәтижелері, Ирактың Иранға қарсы таңған соғысына қатысты постерлер орыс тілінде жұрт назарына ұсынылған.
Тегтер