Там 02, 2017 14:09 Asia/Almaty
  • Ақ үй: Трамп Иран мен Ресейге қарсы санкциялар туралы заң жобасына қол қояды

Ақ үйдің ақпарат хатшысы Сара Сандерс сейсенбі күні: "АҚШ президенті жақын арада Конгрестің Иран, Ресей және Солтүстік Кореяға қарсы санкция салу туралы қабылдаған заң жобасына қол қойып, оны заң ретінде бекітеді",- деп мәлімдеді.

АҚШ Конгресі өткен аптада Вашингтонның Теһран мен Мәскеуге қарсы дұшпандық әрекеттерінің жалғасында ИИР мен Ресейге қарсы жан-жақты санкция салу туралы заң жобасын бекіткен болатын.

АҚШ Сенаты 2017 жылы шілденің он бесі күні Ресей мен Иранға қарсы санкция салу туралы заң жобасын қабылдады. Бірақ республикашылардың Иран мен Ресейге қарсы санкциялар жиынтығына Солтүстік Кореяны қосу туралы ұсынысының жалғасында бұл заң жобасын АҚШ-ның Өкілдер палатасында дауысқа салу кейінге қалдырылды.

Бұл заң жобасы АҚШ Конгресінде қабылданғаннан кейін оның заңға айналып, жүзеге асуы үшін тек АҚШ президенті Дональд Трамптың қол қоюы ғана қалды.

 

Тегтер