Америкалықтардың тіл тигізуі олардың қарсыласу майданындағы әлсіздігінен туындап отыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i29540-Америкалықтардың_тіл_тигізуі_олардың_қарсыласу_майданындағы_әлсіздігінен_туындап_отыр
ИИР Қарулы күштерінің ақпарат өкілі Джазаери АҚШ Мемлекеттік департаментінің Иранның қарсыласу өзегін қолдайтыны туралы сөздеріне жауап беріп: «АҚШ үкіметінің басшылары аймақтағы қарсыласу өзегінің ілгерілеушіліктеріне тосқауыл бола алмағандықтан, тіл тигізіп жауап береді»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 03, 2017 12:39 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың тіл тигізуі олардың қарсыласу майданындағы әлсіздігінен туындап отыр

ИИР Қарулы күштерінің ақпарат өкілі Джазаери АҚШ Мемлекеттік департаментінің Иранның қарсыласу өзегін қолдайтыны туралы сөздеріне жауап беріп: «АҚШ үкіметінің басшылары аймақтағы қарсыласу өзегінің ілгерілеушіліктеріне тосқауыл бола алмағандықтан, тіл тигізіп жауап береді»,-деді.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон сейсенбі күні өткен баспасөз конференциясында: «Сирияда соғысып жатқан Иранның содырлар тобы тез арада өз позицияларынан кетуі керек»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлары бойынша, ИИР Қарулы күштерінің ақпарат өкілі бригада генералы сардар Масуд Джазаери: «Америкалықтардың аймақта соғысты өршітіп, Ирак пен Сирияда халықты қырып-жойып, инфрақұрылымды қиратуының қазіргі шындығы – олардың үсті-үстіне жеңіліс табуы. Сондықтан, АҚШ үкіметі өзі мен одақтастарының сәтсіздіктеріне себеп болған топтарға қатты ашулы. АҚШ тіл тигізушіліктерінің жауабын алатын болады»,-деп қуаттады.

ИИР Қарулы күштерінің ақпарат өкілі, сондай-ақ, ислам жауынгерлерінің болуын мадақтап, АҚШ-тың жалдамалы сарбаздарымен кесімді түрде күресуді жалғастыру қажеттігін айтып: «АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағынан кетуден басқа жолы жоқ»,-деді.