Мәскеу Варшавамен қарым-қатынасын жақсартуға мүдделі емес
https://parstoday.ir/kz/news/world-i29672-Мәскеу_Варшавамен_қарым_қатынасын_жақсартуға_мүдделі_емес
Польшаның Сыртқы Істер Министрі: "Ресей Польшамен қарым-қатынасын жақсартуды көздемейді. Екіжақты қарым-қатынасты қалпына келтіру Ресейдің қадамдары мен позициясына байланысты",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 08, 2017 03:02 Asia/Almaty
  • Мәскеу Варшавамен қарым-қатынасын жақсартуға мүдделі емес

Польшаның Сыртқы Істер Министрі: "Ресей Польшамен қарым-қатынасын жақсартуды көздемейді. Екіжақты қарым-қатынасты қалпына келтіру Ресейдің қадамдары мен позициясына байланысты",-деді.

Польшаның Сыртқы Істер Министрі Витольд Ващиковский дүйсенбі күні: "Польшаның Ресеймен диалогын жалғастыруға ешқандай қарсылығы жоқ, Мәскеу Польшамен келіссөздер жүргізіп, қарым-қатынасын жақсартуға ынта танытпайтын сыңайлы",-деді.

Польшаның Сыртқы Істер Министрі өз қызметі барысында Ресейдің Сыртқы Істер Министрі Сергей Лавровтың оны келіссөздер өткізуге Мәскеуге шақырмағанын айтып, сол себепті Варшава-Мәскеу қарым-қатынасын жақсару кілтінің Ресейдің қолында екені айқын деп құптады.

Ващиковский осыдан бұрын наурыз айында: "Польша Ресеймен сындарлы ынтымақтастықтар үдерісін қайта бастауға және осы жолда қадамдар жасауға дайын",-деп мәлімдеген болатын.

Ресей мен Польшаның қарым-қатынасы 2014 жылы Украинада дағдарыс басталып, Еуропа Ресейге қарсы санкциялар салғаннан кейін шиеленісіп кетті.