Там 08, 2017 15:07 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея АҚШ-қа тағы қоқан-лоққы жасады

Солтүстік Корея АҚШ-тан кек алу үшін өзінің ядролық қару-жарақтарын күшейтетінін мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Пхеньян үкіметі дүйсенбі күні мәлімдеме жариялап, БҰҰ-ның жаңа санкцияларына жауап ретінде АҚШ-тан кек алу үшін өзінің ядролық арсеналын күшейтетінін хабарлаған.

Солтүстік Корея үкіметі мәлімдемесінің жалғасында БҰҰ-ның жаңа санкциялары бұл елді өзінің ядролық қарулары жайлы келіссөздер жүргізуге немесе өзінің ядролық қуатын арттырудан бас тартуға мәжбүрлей алмайтынын және Солтүстік Кореяның  белгілі мерзім аралығында тиісті іс-шараларды жүзеге асыратынын қуаттады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Солтүстік Кореяның құрлықаралық баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуіне қарсы жаңа санкциялар жариялау туралы ұсынған қарарын барлық мүшелердің қолдауымен бекіткен болатын.

 

Тегтер