Сирияның бейбітшілік келіссөздерінің 6-шы кезеңінің күн тәртібі Теһранда анықталады
Там 09, 2017 00:06 Asia/Almaty
Қазақстанның Сыртқы істер министрі: "Сирияның бейбітшілік келіссөздерінің 6-шы кезеңінің күн тәртібі атысты тоқтату бітімін кепілдендіретін елдердің Теһрандағы отырысында белгілі болады",-деді.
Қайрат Абдрахманов: "ИИР астанасы Теһранда Сирия бейбітшілігі халықаралық келіссөздеріндегі кепілгер елдердің мамандарының отырысы өтеді. Онда осы келіссөздердің келесі кезеңінің күн тәртібі анықталады. Бұл келіссөздерді өткізу мерзімі осы уақытқа дейін өзгерген жоқ. Аталмыш келіссөздер тамыз айының соңында өткізіледі деп жоспарлануда",-деді.