АҚШ-тың бюджет тапшылығы 568 млрд долларды құрады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i29696-АҚШ_тың_бюджет_тапшылығы_568_млрд_долларды_құрады
АҚШ Конгресінің бюдет жөніндегі басқармасы осы елдің биылғы жылдың алғашқы он айындағы бюджет тапшылығы мөлшерін 568 млрд доллар деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 08, 2017 20:06 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың бюджет тапшылығы 568 млрд долларды құрады

АҚШ Конгресінің бюдет жөніндегі басқармасы осы елдің биылғы жылдың алғашқы он айындағы бюджет тапшылығы мөлшерін 568 млрд доллар деп мәлімдеді.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, биылғы жылдың алғашқы он айындағы АҚШ-тың бюджет тапшылығы өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 56 млрд долларға артқан. Осы мәліметке сәйкес, АҚШ үкіметінің кірісі мен шығысының мөлшері биылғы жылдың алғашқы он айында көбейген. Алайда бұл уақыт аралығында шығыс табысқа қарағанда әлдеқайда көп болған.