АҚШ-тың Каракасқа қарсы агрессорлық саясаттары айыпталды
Америкалық елдер ұйымындағы (OAS) Венесуэланың өкілі өз еліндегі демократияға қарсы АҚШ-тың көптеген басқыншы әрекеттерін айыптады.
Америкалық елдер ұйымындағы Венесуэланың өкілі Самуэль Муканда: "АҚШ Венесуэлада Құрылтайшылар кеңесін құруға дауыс берілгеніне көзжұмбайлық танытқанымен, бұл елдегі қатігез лаңкестік топтардың әрекеттерін қабылдап, сол топтар Венесуэлада көпшілікті құрайды деп, елде солар билік етуі тиіс деп санайды",-деді.
АҚШ үкіметі Венесуэла басшыларын елдің Құрылтайшылар кеңесіне сайлау өткізуден бас тартқызу мақсатында 26 шілдеде Венесуэланың жоғары лауазымды мемлекеттік және әскери 13 тұлғасына, сондай-ақ, елдің мемлекеттік мұнай компаниясына санкция салды.
Венесуэлада Құрылтайшылар кеңесінің сайлауы 30 шілдеде өтті. Ресми статистика бойынша, дауыс беру құқығына ие азаматтардың 41 пайыздан астамы сайлауға қатысып, осы кеңестің 545 мүшесін сайлады.