Пхеньян: Трамп тек күш көрсету тілін түсінеді
Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі бір мәлімдемесінде АҚШ-тың қоқан-лоққыларына жауап беру мақсатымен Гуам аралына шабуыл жасаудың нақты жоспары дайындалып жатқанын хабарлады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Солтүстік Корея бейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың жуырдағы қоқан-лоққығы толы сөздеріне реакциясында: «Гуам аралына шабуыл жасау жоспары жақын арада толықтырылып, орындауға дайын болады», -деп мәлімдеді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Пхеньянға: «Вашингтон өзіне қарсы кез келген қоқан-лоққығы «ашулы отпен» жауап береді»,-деп ескертті.
Солтүстік Корея да Дональд Трамптың бұл сөздеріне реакциясында: «Гуам аралығындағы АҚШ-тың стратегиялық бомбалаушы ұшақтар базасына зымырандық шабуыл жасау жобасын қарастырады»,-деп жариялады.
Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі өз мәлімдемесінде АҚШ Президентінің сөздерін «бос әурешілік» деп сипаттап: «Солтүстік Корея армиясының стратегиялық күштері Гуамдағы АҚШ күштеріне төтеп беру мақсатымен «Хвасонг-12» атты орта қашықтыққа арналған 4 стратегиялық баллистикалық зымыранды бір мезгілде Гуамға ату жобасын байсалды түрде қарастырып жатыр»,-деді.