Лавров Трампты Иранның ядролық келісіміне күмәнмен қарайтыны үшін сынады
Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранның ядролық келісіміне күмәнмен қарайтынын өкінішті деп қуаттады.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жұма күні Мәскеуде бір топ студенттің алдында сөйлеген сөзінде: «Сәтті жүргізілген диалогтардың бірі – Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер»,-деді.
Ресей Сыртқы істер министрі, өкінішке орай, америкалықтардың Иранның ядролық келісіміне күмән келтіретінін айтып: «Трамп үкіметі Иранның «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына беріктігін растағанымен, Дональд Трамп Иранның ядролық келісімін қате келісім деп атап отыр»,-деді.
Ресей Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық бағдарламасына қатысты әскери қақтығыстар болу қатерін жоғары деп атап: «Мәскеу Вашингтон мен Пхенъян арасында қоқан‑лоққыға толы кикілжіңдерді алаңдатарлық санайды»,-деп қуаттады.
Сергей Лавров Вашингтон мен Пхенъяннан Ресей мен Қытайдың ортақ жобасына қосылып, текетіресті тоқтатуды сұрады. Осы жоба бойынша, Солтүстік Корея өзінің зымырандық сынақтарын тоқтатып, АҚШ пен Оңтүстік Корея өздерінің әскери жаттығуларын қолайлы мұрсат туғанға дейін кейінге қалдырады.