Әлемдегі ең дыбыссыз сүңгуір қайық Қара теңізге жіберілді
Ресей Теңіз күштері әлемдегі ең дыбысыз сүңгуір қайықты Қара теңізге жіберді.
Ресейдің Теңіз күштері «Краснодар» атты жаңа сүңгуірін осы елдің Қара теңіздегі Севастополь теңіз флотына қосты. "Варшавянка" атты 636 жобасымен жасалған төртінші сүңгуір қайық саналатын «Краснодар» әлемдегі ең дыбыссыз сүңгуір қайық болып табылады. Ол Сирия жағалауларынан Қырым түбегіне кірді.
«Краснодар» сүңгуір қайығында бір ядролық қару қоймасы, 18 калибрлі зымыран, қозғалмалы зенитті зымыран, 25 мина мен басқа да зымырандар бар.
АҚШ пен оның НАТО-ғы одақтастары соңғы жылдары Мәскеуді Батысқа төнген қауіп-қатер деп атап, Ресей шекараларына жақын маңға кеңірек орналаса бастады. Ресей де өзінің Батысқа қарсы қорғаныстық қуатын арттыруды көздеп отыр.