Ресей Иранмен арадағы туристік визаны алып тастауға дайын
Ресейдің Ирандағы елшісі: «Ресей меморандумды жүзеге асыру мақсатында Иранмен арадағы туристік визаны алып тастауға дайын»,-деп қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Ирандағы елшісі Леван Джагарян сенбі күні Иранның батысындағы Керманшах облысының басшыларымен кездесуінде Иран мен Ресейдің саяси-экономикалық және әскери салада тиімді әріптестікке ие екенін айтып: «Екі елдің жақсы қарым-қатынасын ескере отырып, әртүрлі салаларда виза беру мақсатында тығыз әріптестік орнаған. Ресей мен Иран АҚШ-тың қысымдарына ұшырап отыр. Бұл мәселе екі елдің бір-бірімен көбірек әріптестік жасауына себеп болады»,-деді.
Керманшах облысы әкімінің орынбасары Реза Рахими да Иран мен Ресей арасында ауылшаруашылық өнімдерінің көп көлемдегі айналымына тоқталып: «Керманшахтың ауыл шаруашылығы өнімдері тұрғысынан әлеуеті жоғары. Осы салада Ресеймен әріптестік жасай алады»,-деді.