Ресей Солтүстік Корея мен АҚШ арасында соғыстың басталу ықтималдығы туралы ескертті
Ресей Солтүстік Корея мен АҚШ арасында соғыстың басталу ықтималдығы туралы ескертті.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, РФ СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова кеше жексенбі күні осы елдің телеарнасына берген сұхбатында: "Солтүстік Кореяға қатысты жағдайды шешу үшін әскери күштерді пайдаланудың ықтималдығы бар.
АҚШ-тың Солтүстік Корея шекаралары маңында жасаған әрекеттері мен оның өз одақтастарымен ортақ әскери жаттығулар өткізуі, сондай-ақ Пхеньянның бұған жауап ретінде зымыран атуы Корей түбегіндегі жағдайды дағдарысқа ұшыратып, енді бұл жағдай үлкен соғысқа ұласуы мүмкін",- деп мәлімдеді.
АҚШ Әскері ортақ штабының басшысы Джозеф Данфорд кеше жексенбі күні Оңтүстік Кореядағы Осан әуе базасына келгеннен кейін Солтүстік Кореяға қарсы санкция салуды жалғастыру қажеттігін қуаттап: "АҚШ әскері Пхеньянға қарсы әскери күш қолдануға дайын",- деді.