Ким Чен Ын өз армиясына толық дайын болуды бұйырды
(last modified Tue, 15 Aug 2017 11:42:51 GMT )
Там 15, 2017 17:42 Asia/Almaty
  • Ким Чен Ын өз армиясына толық дайын болуды бұйырды

Солтүстік Кореяның басшысы армиясына кез келген зымырандық шабуылға толық дайын болуды бұйырды.

Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі мәліметі бойынша, Ким Чен Ын елінің әскери қолбасшыларымен өткізген отырысында Тынық мұхитының батысындағы Гуам аралына шабуыл жасау жобасы туралы баяндап: «АҚШ Пхеньянмен соғысудың алдын алу үшін дұрыс шешім қабылдауы керек»,- деп қуаттады. Ким Чен Ын сондай-ақ елінің әскери қолбасшыларына қажет болса шабуыл жасуға дайын болуды бұйырды.

Пхеньян тамыздың 10 күні осы айдың ортасына дейін Гуам аралындағы АҚШ-тың стратегиялық базасына зымырандық шабуылдың жобасын қорытындылайтынын, жобаны іске асыру туралы шешімді  Ким Чен Ынның қабылдайтынын хабарлаған болатын.

Жобаға сәйкес Солтүстік Корея ортақашықтықтағы төрт «Хвасон-12» баллистикалық зымыранмен Пхеньяннан 3200 километр жерде орналасқан Гуам аралын нысанаға алмақ.