Қазақстан Қырғызстанға қайтарымсыз 100 млн доллар несие берді
Қазақстан Қырғызстанға Еуразиялық Одақта белсендірек болуы үшін 100 миллион доллар қайтарымсыз көмек берді.
Fars ақпараттар агенттігінің хабарлауы бойынша, Ыстықкөлде өткен 4-ші экономикалық конференцияда Қырғызстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары Алмаз Сазбақов пен ҚР-ның Қаржы министрі орынбасары Қанат Баеділов Астана тарапынан Бішкекке 100 млн доллар көмек беру туралы меморандумға қол қойды.
Бұл сома Қырғызстанға Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға бағытталған жол картаны жүзеге асыру үшін бөлінді.
Қырғызстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары отырыстың соңында: "Қырғызстанның экономикасы жаһандық экономиканың жаңа жағдайымен көбірек үйлесуі үшін Қазақстан осы елдің жобаларын қаржымен қамтамасыз етеді",-деді.
Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының жол картасын орындау мақсатында 2016 жылы 26 желтоқсанда екі ел арасында Қазақстан тарапынан көмек ретінде 100 млн доллар бөлу келісіміне қол қойылған болатын.