Азияның шығысының әуе кеңістігінде Ресейдің бомбалаушы ұшақтары ұшып жүр
Там 24, 2017 17:14 Asia/Almaty
Ресей өзінің құрлықаралық бомбалаушы ұшақтарының Тынық мұхиты, Оңтүстік Қытай және Жапон теңіздері аймағында ұшып жүргені туралы хабарлады.
Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жариялап: "АҚШ әскерилерінің аймақта орналасуына жауап ретінде бейсенбі күні таңертең Ту-95МС, Су-35С бомбалаушы ұшақтары Тынық мұхиты мен Қытай теңізі аймақтарының көгінде ұшырылды",- деп мәлімдеді. Ресей АҚШ әскерилерінің Азияның шығысы мен Корей түбегінде орналасуын арандатушы әрекет деп атады.
Тегтер