БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ пен Израильдің өтінішіне қарсылық білдірді
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері АҚШ пен сионистік режимнің Ливанның оңтүстігінде орналасқан БҰҰ бітімгершілік күштерін (UNIFIL) нығайту туралы өтінішіне қарсылық білдірді.
АҚШ пен сионистік режим БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қысым көрсету арқылы UNIFIL күштерінің санын арттыруды өтінген жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі UNIFIL күштері миссиясына кез-келген өзгеріс енгізуге қарсылық білдірді. UNIFIL миссиясын создырту туралы жобасы тамыздың отызы күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Франция тарапынан ұсынылады.
Ливан Үкіметі UNIFIL күштерінің миссиясын создыртуды сұрады. Біріккен Ұлттар Ұйымының UNIFIL бітімгершілік күштері 1978 жылы наурыздың жиырма үші күні сионистік режимнің Ливанға қарсы басқыншылығының алдын алу мақсатында осы елге орналыстырылған болатын. Бірақ UNIFIL іс жүзінде Израильдің Ливанға қарсы басқыншылығына тосқауыл бола алмады.
Израильдің Ливанға қарсы басқыншылығы аяқталғаннан кейін 2006 жылы қабылданған БҰҰ №1701 қарарына сәйкес бұл режимнен Ливанға қарсы дұшпандық әрекеттер жасаудан аулақ болу талап етілген. Алайда сионистік режим бұл қарарға мән бермей, шамамен күн сайын Ливанның әуе, құрлық және теңіз кеңістігін бұзып отыр.