Лавров: Сирияда қауіпсіз аймақтар құру жолындағы талпыныстар жалғасуда
Ресей Сыртқы істер министрі Иран, Ресей және Түркияның Сирия жөніндегі Астана келіссөздеріне кепіл елдер ретінде Сирияның Идлиб қаласында қауіпсіз төртінші аймақ құру жолында талпыныс жасап жатқанын мәлімдеді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров журналистерге берген сұхбатта Қазақстанның елордасында өткен Астана келіссөздеріне қатысушылардың қарқынды кеңесулерінің Сирияның оңтүстік-батысындағы Шығыс Ғуте мен Хомста құрылған аймақтардың жалғасында Идлибте қауіпсіз төртінші аймақ құру туралы құжатты даярлауға мүмкіндік беретіндігіне үміт білдірді.
Лавров Сирияда қауіпсіз аймақ құру бастамасының мақсатын Сирия үкіметі мен қарсыласушы топтар арасында келіссөздер бастау үшін бұл елде соғыс пен қантөгісті тоқтату үшін қолайлы жағдай жасау деп атап: "Сұхбаттасулар мен атысты тоқтату бітімі ДАИШ, "Ан-Носрат" майданы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің лаңкестер тізіміне енгізілген басқа да лаңкестік топтарды қамтымайды.
Сирияда қауіпсіз аймақтар құру туралы бастаманың мақсаттарының бірі бұл елдегі қарулы қарсыласушыларды лаңкестерден ажырату болды. АҚШ өзі берген уәдесіне қарамастан, бұл мақсатта ешқандай шара қолданбады",- деді.
Сирия бойынша Астана келіссөздерінің алтыншы кезеңі қыркүйек айының ортасында өткізіледі.