Трамп: Солтүстік Кореямен текетіресті азайту саясаты нәтиже бермейді
(last modified Mon, 04 Sep 2017 08:37:54 GMT )
Қыр 04, 2017 14:37 Asia/Almaty
  • Трамп: Солтүстік Кореямен текетіресті азайту саясаты нәтиже бермейді

АҚШ президенті Вашингтонның Солтүстік Кореямен текетіресті азайту саясатын еш нәтиже бермейді деп бағалады.

Дональд Трамп сондай-ақ АҚШ-тың Солтүстік Кореяға әскери шабуыл жасау ықтималдығы туралы сауалға: "Не болатынын көреміз",-деп жауап беріп: "Солтүстік Кореяға қарсы басқа варианттармен қатар Вашингтон Солтүстік Кореямен экономикалық қатынасқа ие мемлекеттермен де сауда қатынасын үзеді",- деп қоқан-лоққы жасады. АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис те Вашингтонның Солтүстік Кореяға қарсы көптеген әскери варианттарының  бар екенін айтты.