АҚШ пен Солтүстік Корея: дағдарыс жалғасуда
(last modified Tue, 05 Sep 2017 10:14:54 GMT )
Қыр 05, 2017 16:14 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Солтүстік Корея: дағдарыс жалғасуда

Солтүстік Кореяның ядролық саладағы жұмыстары мен АҚШ-тың әскери қоқан-лоққылары жалғасуда.

Солтүстік Кореяның сутегі бомбасының бірінші сынағын өткізгені туралы хабар таралған соң АҚШ басшылары Пхеньянға қарсы әскери әрекет жасау ықтималы туралы айта бастады. АҚШ Президенті Дональд Трамп журналистің: «Солтүстік Кореяға әскери шабуыл жасауға бұйрық бересіз бе?» деген сұрағына нақты жауап берген жоқ. АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Вашингтонның Солтүстік Кореяға қарсы әскери әрекетті де қарастырып отырғаны туралы уәж айтты.

Дональд Трамптың президенттік сайлауынан жеті айдан кейін, тіпті АҚШ-тың бұрынғы үкіметтерінің тұсында да мұндай уәждер айтылған болатын. АҚШ сондай-ақ саяси, үгіт-насихат, экономика мен сауда салаларында Солтүстік Кореяға қарсы көптеген әрекет жасады. Бірақ, АҚШ-тың әрекеттеріне қарамастан, Пхеньян осы уақытқа дейін өзінің ядролық және зымырандық мүмкіндіктерін ілгерілетуден бас тартпады. Қазіргі таңда Солтүстік Корея АҚШ-ты нысанаға алатын әрі ядролық оқтұмсықтармен жабдықталатын баллистикалық зымыран шығара алатын жағдайға жетті. Сутегі бомбасының сынағын өткізуі АҚШ басқарған Батыстың саяси-экономикалық қатаң қысымдарымен бетпе-бет келіп отырған  Солтүстік Кореяның ең соңғы жетістіктері саналады. Мұнымен қатар бұл Вашингтонның қастықтарына қайтарған жауабы болды.

Осындай жағдайда АҚШ басшылары өткен кезеңмен салыстырғанда Солтүстік Кореяға қарсы әскери шабуыл жасау туралы сөздерін арттырды. Егер Вашингтон Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық бағдарламаларының алдын алу мақсатында бұл елге шабуыл жасағысы келгенде бұдан бұрын жасайтын еді. The Washington Post газеті бір мақаласында: «Саяси мәселелердің сарапшыларының пікіріне сәйкес, АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы шабуылы мәселені шешудің орнына көптеген басқа мәселелерге себеп болады. Сондықтан, Корея түбегіндегі дағдарысты тоқтататын ең жақсы жол – екі жақтың келіссөздері»,- деп жазды.

Трамптың осыған дейінгі Пхеньянға қарсы жасаған қоқан-лоққылары Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық сынақтарымен бос сөзге айналғандай. Трамп пен Джейм Мэттистің Солтүстік Кореяның сутегі бомбасының сынағынан кейінгі уәждері де іске асырылмайды деген болжамдар бар. Бірақ, АҚШ үкіметінің Солтүстік Кореяға қарсы күш қолдану ықтималы туралы уәждері Пхеньянды өзінің ядролық және зымырандық бағдарламаларын жылдамдатып, алға ілгерілетуге жігерлендіруі мүмкін.