Экстремист үнділер рохинья мұсылмандарының мәйіттерін өртеді
Мьянма әскерилері мен экстремист буддистер осы ел армиясының мұсылмандарды жаппай қырудағы қылмыстарынан еш құжат қалдырмай, қоғамдық пікірді алдарқату үшін рохинья мұсылмандарының мәйіттерін өртеп жатыр.
Ұлыбританиялық The Independent газетінің сейсенбі күнгі мәліметтері бойынша, Мьянмадағы әскерилер мен экстремист буддистер мұсылмандардың мәйіттерін жинап, жаппай өртеу арқылы Мьянманың батысында орналасқан Ракхайн провинциясындағы рохинья мұсылмандарына геноцид жасаудағы қылмыстарын әлем жұртшылығынан жасыруға күш салуда.
Мьянма әскерилерінің Ракхайн провинциясындағы шабуылдарын бақылап отырған "Аракан" жобасының басшысы Крис Лева осы уақытқа дейін мұсылмандар тұратын Ратедаунг ауданына жасалған шабуылдарда кемінде 130 адамның өлімі тіркелгенін, үш ауылдан ондаған мұсылманның өлтірілгені туралы хабардың жеткенін айтып: "Мьянманың қауіпсіздік күштері экстремист буддистермен қосылып, ауылдарды қоршауға алып, адамдарға қарсы жөн-жосықсыз оқ жаудыруда",-деді.
Осындай жағдайда Мьянманың ақпарат агенттігі қоғамдық пікірді алдарқату үшін Мьянмадағы соңғы әскери шабуылдардың мақсатының «Араканды құтқару армиясы» деп аталатын содырлар тобымен күресу болды деп сендіруге талпыныс жасады.