Солтүстік Корея келесі баллистикалық зымыранын атуға дайын
(last modified Wed, 13 Sep 2017 08:57:12 GMT )
Қыр 13, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея келесі баллистикалық зымыранын атуға дайын

Оңтүстік Корея мен АҚШ Солтүстік Кореяның бейсенбі күні келесі баллистикалық зымыранын ататынын хабарлады.

Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ пен Оңтүстік Корея: «Қолға түскен бейнематериалдар бойынша Солтүстік Корея зымырандық жабдықтарын Кусанг базасына тасымалдау жұмыстарын аяқтады. Сонымен, бұл ел келесі баллистикалық зымыранын атуға дайын»,-деді.

Оңтүстік Корея Армиясының бас штабы өз мәлімдемесінде барлық егжей-тегжейді әшкерелеуге болмайтынын айтып, өз елі армиясының АҚШ-тың ынтымақтастығымен дайндық жағдайда тұрғанын хабарлады. Бұдан бұрын Солтүстік Кореяның зымырандық жабдықтарының жасырын түрде түнде елдің батыс жағалауына тасымалданғаны туралы мәліметтер  жарияланған болатын.

Егер бұл мәлімет дұрыс болса, Солтүстік Кореяның зымырандық сынағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің дүйсенбі күнгі Пхеньянға салған жаңа санкцияларының жауабы болмақ.