Иранның алғашқы гуманитарлық көмек жүгі Бангладешке жеткізілді
(last modified Sat, 16 Sep 2017 08:13:13 GMT )
Қыр 16, 2017 14:13 Asia/Almaty
  • Иранның алғашқы гуманитарлық көмек жүгі Бангладешке жеткізілді

ИИР Қызыл жарты ай қоғамының алғашқы гуманитарлық жүгі Мьянманың босқын мұсылмандарына таратылу мақсатында Бангладешке жеткізілді.

ИИР Қызыл жарты ай қоғамының алғашқы гуманитарлық жүгі 40 тонна жедел жәрдем заты, дәрі-дәрмек, азық-түлік, шатыр, төсеніш пен көрпелерден тұрады. Жүк жұма күні Бангладештің Читтагонг айлағындағы Шах Аманат әуежайына жеткізілді. Иранның гуманитарлық көмектерімен бірге Бангладешке барған ИИР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ибрахим Рахимпур бұл сапарда кейбір мәселелер мен қиындықтарды зерттеп, Мьянма мұсылмандарына көмек жеткізу жолдарын жеңілдетіп, олардың жолдауын бүкіл әлемге тарата алатындығына үміт білдірді.

Мьянма армиясының елдің батысындағы Ракхайн облысының рохинья мұсылмандарына 25 тамыздан бастаған шабуылдары салдарынан мыңдаған адам қаза тауып, жараланып, 380 мыңға жуық адам босқынға айналды. Мьянма мұсылмандары азаматтық құқықтан кенде қалып отыр.  

 

Тегтер