Моралес Трамптың Венесуэлаға араласу саясатын сынады
(last modified Sun, 17 Sep 2017 16:43:26 GMT )
Қыр 17, 2017 22:43 Asia/Almaty
  • Моралес Трамптың Венесуэлаға араласу саясатын сынады

Боливия Президенті: «АҚШ пен одақтастары Венесуэланың істеріне араласу мен төңкеріс жасаудан басқа ұстаным білдірмейді»,- деді.

Боливия Президенті АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты араласу әрекеттері мен дұшпандығын сынап: «Венесуэладағы бейбітшілік келіссөздерінің ілгерілеуіне қарамастан, Вашингтон араласу және дұшпандық саясатымен Венесуэла үкіметін құлатқысы келеді»,- деді.

Моралес АҚШ Президенті Дональд Трамптың Латын Америка елдерін Венесуэлаға қарсы қастық жасауға итермелеуіне тоқталып: «Трамптың Венесуэлаға қарсы өзінің саясаттарын қолдату үшін Латын Америкасының кейбір басшыларын кешкі асқа шақыруы ақылға сыймайтын әрі рұқсат етілмеген әрекет»,- деді.