Қырғызстан үкіметі Қазақстанның елдің ішкі ісіне араласуына наразылық білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i30977-Қырғызстан_үкіметі_Қазақстанның_елдің_ішкі_ісіне_араласуына_наразылық_білдірді
Қазақстан Президенті Қырғызстан оппозициялық партиясының үміткерімен кездескеннен кейін Бішкек 15 қазан күні өтетін сайлауына Қазақстанның араласып жатқанын айтып, ресми түрде наразылық білдірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 21, 2017 10:46 Asia/Almaty
  • Қырғызстан үкіметі Қазақстанның елдің ішкі ісіне араласуына наразылық білдірді

Қазақстан Президенті Қырғызстан оппозициялық партиясының үміткерімен кездескеннен кейін Бішкек 15 қазан күні өтетін сайлауына Қазақстанның араласып жатқанын айтып, ресми түрде наразылық білдірді.

Reuters ақпарат агенттігінің Қазақстан Президентінің кеңсесіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанда президенттікке үміткер әрі осы елдің оппозициялық партиясының мүшесі Омурбек Бабановпен Қазақстанда кездесіп, Қырғызстан халқы сенім артатын жаңа Президентпен әріптестік жасауға әзір екенін мәлімдеген. 

Қырғызстан Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні мәлімдеме жасап, бұл кездесу мен Қазақстан Президентінің сөздерін Қырғызстанда өтетін президенттік сайлауда билеуші партия үміткерінің негізгі бәсекелестерінің бірі саналатын 47 жастағы Бабановты қолдау мақсатында айтылды деп санайтынын жеткізді.

Ол Қазақстан елшісіне жазған нотасында: «Бішкек Қазақстан Президенті тарапынан айтылған сөздер мен осы кездесудің ақпарат құралдарында кең таралуын Қырғызстан халқының шешіміне ықпал етуге және Астананың осы елдің ішкі ісіне араласуға талпыныс жасауы деп санайды»,-деді.