Қырғызстан үкіметі елдің ішкі істеріне Қазақстанның араласуына наразылық білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i31021-Қырғызстан_үкіметі_елдің_ішкі_істеріне_Қазақстанның_араласуына_наразылық_білдірді
Қазақстан Президенті Қырғызстанның оппозициялық партиясының үміткерімен кездескеннен Бішкек «Қазақстан қазанның 15 күні өтетін Қырғызстанның сайлауына араласуда» деп уәж айтып, бұл әрекетке ресми наразылық нотасын жіберді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 22, 2017 15:20 Asia/Almaty
  • Қырғызстан үкіметі елдің ішкі істеріне Қазақстанның араласуына наразылық білдірді

Қазақстан Президенті Қырғызстанның оппозициялық партиясының үміткерімен кездескеннен Бішкек «Қазақстан қазанның 15 күні өтетін Қырғызстанның сайлауына араласуда» деп уәж айтып, бұл әрекетке ресми наразылық нотасын жіберді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі Назарбаевтың Қырғызстанның президенттік сайлауының үміткері және елдің оппозициялық партиясы басшыларының бірі Өмірбек Бабановпен Қазақстанда кездесіп, «қырғыз халқы сенім артып, сайлаған жаңа президентпен» ынтымақтастық жасауға дайын екенін мәлімдеді»,- деді.

Қырғызстан Сыртқы істер министрі  қыркүйектің 20 күні мәлімдеме жасап, Қазақстан Президентінің бұл кездесуі мен сөздерін Қырғызстанның билік басындағы партиясы тарапынан шыққан  президенттік сайлаудың негізгі үміткерінің бәсекелесі Бабановты қолдау деп сараптады. Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің Бішкектегі Қазақстанның елшілігіне жіберген нотасында Бішкек Қазақстан Президентінің сөздері мен   кездесу туралы хабардың елдің ақпарат құралдары арқылы таратылуын қырғыз халқының шешім қабылдауы мен Қырғызстанның ішкі істеріне араласу деп атады.

Қырғыз республикасы осыған дейінгі екі президентті билік басынан алып тастағаннан кейін елдің үкіметтік жүйесін президенттік жүйеден парламенттік жүйеге өзгерткенімен, тиісті саяси тұрақтылықты орната алмады. Коалициялық үкіметтердің біилік басына келіп, олардың сәтсіздікке ұшырауы саяси және қоғамдық тұрақтылықтың орнатылмауына себеп болды. Соның салдарынан бұл мәселе елдің даму бағдарламаларының іске асырылмауына соқтырды. Дәл осындай жағдай бұл елдің сыртқы қарым-қатынастарынан да байқалады. Бұл туралы Ресейдің Халықаралық зерттеу институтының аналитикалық орталығының директоры Андрей Казанцев қырғыз бен ресейлік жоғары лауазымды басшыларының кездесуінің дәлелдеріне тоқталып: «Атамбаев Путинмен кездесіп, Қырғызстан саясаткерлерінің арасындағы ықпалын көтергісі келеді. Атамбаев ресейлік басшыларды өз орынбасары Қырғызстанның бұрынғы Премьер-министрі Сооронбай Жээнбековты  қолдауға  көндіру мүмкіндігіне ие емес. Өйткені, Қырғызстанның президенттік сайлауына үміткерлердің арасында Ресейге қарсы адам жоқ»,- деді. 

Қырғыз басшыларының Қазақстанның бұл елдің ішкі істеріне араласуы туралы уәждеріне алда өтетін Қырғызстан сайлауына  қатысатын үміткерлердің ешбіреуінің қырғыз халқының өкілі ретінде танымал болмауы себеп болды. Бұдан бұрынғы сайлауларда Қырғызстанның ешбір белсенді партиясы жалғыз өзі  Парламенттің көпшілік даусына ие бола алмады. Сондықтан Қырғызстанның президенттік сайлауының үміткерлері мен олардың ішкі саяси қолдаушылары алдағы сайлауда халықтың көпшілік дауысын алуға талпынып,  сыртқы қолдауларға ие болуды көздеуде. Мүмкін сол себепті де Қырғызстан Президенті өзі қалайтын үміткерді  қолдау үшін Мәскеуге, ал билік басындағы партияға қарсылас партияның үміткері Астанаға сапар шеккен болар. Бұл мәселе соңында Қырғызстанның саяси тәуелсіздігін дағдарысқа тірейді.