Трамп: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деген нәрсе жоқ
АҚШ Президенті сенбі күні кешке ИИР тарапынан «Хоррамшахр» баллистикалық зымыранының сынақтан өткізілуіне реакциясында Twitter-дегі жеке парақшасында: «Иран жуырда Израильді нысанаға алуға қабілетті бір баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді»,-деп жазды.
Дональд Трамп, сондай-ақ, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталатын нәрсенің жоқтығын айтып, «Иран мен Солтүстік Корея баллистикалық зымырандар саласында әріптестік жасап отыр» деп уәж айтты.
Франция да сенбі күні кешке АҚШ пен сионистік режимге жақтасып, Иранның «Хоррамшахр» баллистикалық зымыранының тұсауын кесіп, сынақтан өткізгеніне алаңдаушылық білдіріп, БҰҰ-ның Бас хатшысынан мұны тексеруді сұрады.
Франция үкіметі бір мәлімдемеде: «Бұл сынақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы келеді»,-деген уәж айтты.
Франция, сионистік режим мен АҚШ Иранның зымырандық сынақтарын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы деп санайды. Осындай жағдайда Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының ақпарат өкілі Набила Массрали: «Иранның зымырандық сынағы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзбайды»,-деп мәлімдеді.