Тwitter АҚШ Президентінің қоқан-лоққыға толы жазбаларын өшірмейді
Қыр 26, 2017 21:01 Asia/Almaty
Тwitter әлеуметтік желісі: "Тwitter АҚШ Президентінің Солтүстік Кореяға қарсы лоқан-лоққы сипаттағы хабарламаларын ақпараттық құндылығына байланысты өшірмейді",-деп хабарлады.
Тwitter әлеуметтік желісі Дональд Трамптың Кореяға қарсы қоқан-лоққы сипаттағы хабарламалары жайында: "Тwitter-гі барлық жазбалар бір заң негізінде қаралады. Тwitter саясаты бұзылған жағдайда жазбалар өшіріледі» деп жазды.
АҚШ Президенті әлеуметтік желілерді көбінесе қарсыластарына шабуыл жасау үшін пайдаланады.
Тегтер