Трамп Солтүстік Кореяға тағы қоқан-лоққы жасады
(last modified Mon, 02 Oct 2017 09:04:37 GMT )
Қаз 02, 2017 15:04 Asia/Almaty
  • Трамп Солтүстік Кореяға тағы қоқан-лоққы жасады

АҚШ президенті осы елдің бұрынғы басшыларын Солтүстік Кореяға рақымшылық жасағаны үшін айыптап: "Мен бұл тәжірибені қайталамаймын",- деп мәлімдеді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп жексенбі күні кешке Солтүстік Кореямен келісімге келуді көздемейтінін баса айтты.

АҚШ президенті жексенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында осы елдің Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонға өз уақытын Пхеньянмен келіссөз жүргізуге босқа кетірмеуге кеңес берген болатын. Бұл жолы да Twitter-де жиырма жылдан бері Солтүстік Кореямен келісімге келудің пайдасыз болғанын жазды.

АҚШ президенті бірнеше аптадан бері Пхеньянның зымырандық сынақтарына реакция ретінде Солтүстік Кореяның жетекшісін "зымыран адам" деп атап жүр.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің командасы Корей түбегі дағдарысының дипломатиялық шешім жолын табу үшін сұхбаттасулар жүргізген жағдайда Трамп "атыс пен ашу" және "толық көзін жою" секілді сөздері арқылы өз ойындағы шешім жолын айтып келеді.