Әзірбайжан Республикасы Арменияны Қарабақ аймағында атысты тоқтату бітімін бұзғаны үшін айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i31403-Әзірбайжан_Республикасы_Арменияны_Қарабақ_аймағында_атысты_тоқтату_бітімін_бұзғаны_үшін_айыптады
Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрлігі Армения әскери күштерін Қарабақ аймағында атысты тоқтату бітімін бұзды деп айыптады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 05, 2017 20:54 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан Республикасы Арменияны Қарабақ аймағында атысты тоқтату бітімін бұзғаны үшін айыптады

Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрлігі Армения әскери күштерін Қарабақ аймағында атысты тоқтату бітімін бұзды деп айыптады.

Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні: "Армения күштері өткен 24 сағат ішінде Қарабақ даулы аймағында атысты тоқтату бітімін 94 рет бұзды",- деп мәлімдеді.

Армения мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Қарабақ аймағына байланысты дау 1988 жылы басталып, 1992 жылы әскери қақтығысқа ұласты. Армениялық және әзірбайжандық күштердің қақтығысының нәтижесінде Әзірбайжан Республикасының Қарабақ аймағы мен онымен көршілес жеті қалашық Армения әскери күштерінің бақылауына өтті.