АҚШ-тың астанасы Вашингтонда кедейшілік деңгейі артты
Қаз 05, 2017 17:29 Asia/Almaty
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласында кедейшілік кең етек жайған.
CNN арнасының хабарлауы бойынша, Вашингтон қаласы тұрғындарының шамамен бестен бір бөлігі толық кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Кедейшілік деңгейінің артуына қатысты бұл көрсеткіш АҚШ-тың астанасында Американың ықпалды және ауқатты адамдары өмір сүріп жатқан жағдайда пайда болған. Кедей адамдар санының артуы мен АҚШ астанасы тұрғындары арасында кедейшіліктің айтарлықтай көрініс табуы JPMorgan Chase ірі қаржы компаниясының елдегі кедейшілік деңгейін төмендету мақсатында Вашингтонның жетінші және сегізінші аудандарында әлеуметтік қолдау көрсету пакеттерін таратуына себеп болды.
Тегтер