Қаз 08, 2017 22:57 Asia/Almaty

Каталонияның Испаниядан бөлінуінің қарсыластары мен жақтастары елдің әртүрлі қалаларында шерулер өткізді.

Hispan TV-дің" мәліметі бойынша, мыңдаған наразы Испанияда шеруге шығып, орталық үкіметтің каталониялықтармен Каталонияның бөлінуі туралы келіссөздер өткізуін талап етті.

Каталонияның тәуелсіздігінің жақтастары үстеріне ақ киім киіп, Испанияда шеру өткізіп, Мадридтің қала әкімшілігінің алдына жиналды.

Үстеріне ақ киім киген наразылар "Сөйлесейік!" деген ұран айтып, Испания үкіметінен Каталониямен келіссөз өткізуді талап етті.

Испаниядағы шеруге шақыру кезінде халықтан ешбір туды, яғни Испания мен Каталонияның туларын әкелмеу және үстеріне ақ киім кию талап етілді.

Барселонада да келіссөздерді бастауды талап еткен мыңдаған адам шеруге шықты.

 

 

Тегтер