АҚШ қарсыласу шебіне қарсы дұшпандығын жалғастыруда
АҚШ Ливан Хизболласының екі қолбасшысын тұтқындау үшін 12 миллион доллар сыйақы тағайындады.
"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік департаменті сейсенбі күні Ливан қолбасшылары Талал Хамир мен Фуад Шокрды тұтқынға алуға көмектесетін мәліметтер үшін біріншісіне 7 млн, екіншісіне 5 млн доллар сыйақы беретінін жариялады. Сондай-ақ Ақ үй сейсенбі күні өз мәлімдемесінде Ливан Хизболласын лаңкестік деп атады.
АҚШ бұдан бұрын да Хизболлаға қатысты ұйымдар мен жеке адамдарға қарсы санкция салған болатын.
Ливан Хизболласы АҚШ қолдап отырған ДАИШ пен ан-Носрат лаңкестік топтарына қарсы күресте маңызды рөл атқаруда. АҚШ-тың қолдауына ие лаңкестер өткен айларда қарсыласу шебінен ауыр соққы көрді.