Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмектерін қайтарып жіберді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i31733-Қырғызстан_Қазақстанның_гуманитарлық_көмектерін_қайтарып_жіберді
Бішкек үкіметі ағымдағы жылдың көктемінде бұл елдің оңтүстігінде орын алған жерсілкінісі мен су тасқынына байланысты Қазақстанның жіберген гуманитарлық көмегін қайтарып жіберді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 15, 2017 17:51 Asia/Almaty
  • Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмектерін қайтарып жіберді

Бішкек үкіметі ағымдағы жылдың көктемінде бұл елдің оңтүстігінде орын алған жерсілкінісі мен су тасқынына байланысты Қазақстанның жіберген гуманитарлық көмегін қайтарып жіберді.

Қазақстан  жіберген гуманитарлық көмекте 1500 метр кесілген тақтай, 150 тонна металлопрокат және ағаштан жасалған бағаналар болды. Қырғызстанның Төтенше жағдай министрлігінің жариялауынша, бұл елдің оңтүстік облыстары ғимараттардың құрылысына қажет материалдар мен гуманитарлық көмекті қажет етпейді. Бұл әрекеттер екі ел арасындағы қарым-қатынастар суыған жағдайда орын алып отыр. Алмазбек Атамбаевтың сынынан кейін екі елдің шекараларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.