Қаз 22, 2017 17:21 Asia/Almaty
  • Каталония аймағының басшысы Мадридтің осы аймаққа қарсы шарасын төңкеріс деп атады

Каталогия аймағының басшысы сенбі күні кешке Мадридтің Испания Конституциясының 155-бабын қолдануға шешім қабылдауын төңкеріс деп атады. Бұл бап бойынша Каталогия аймағының басшысы мен лауазымды тұлғалары қызметтен босатылады.

Каталония аймағының басшысы сенбі күні кешке Мадридтің Испания Конституциясының 155-бабын қолдануға шешім қабылдауын төңкеріс деп атады. Бұл бап бойынша Каталония аймағының басшысы мен лауазымды тұлғалары қызметтен босатылады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Карлос Пигдемонт: "Каталония халқы ешқашан Мадридтің бұл шешімін қабылдамайды",-деп қуаттады. Барселонаның мыңдаған тұрғыны сенбі күні Испания үкіметінің осы ел  Конституциясының 155-бабын қолдануға шешім қабылдауына наразылық ретінде шеруге шықты.

Испания үкіметі 21 қазанда Каталония аймағының автономдығын тоқтатты.

Испанияның Премьер-министрі  Мариано Рахой осы ел кабинетінің төтенше отырысының соңында: "Каталония аймағының автономдығы уақытша ғана тоқтатылады. Референдумды өткізген жетекшілер қызметтен босатылғаннан кейін Каталония үкіметі заң бойынша өз жұмысын жалғастыра береді",-деді.

 

Тегтер