Қытай Солтүстік Кореямен сауда байланыстарын үзбейді
Қытай Солтүстік Кореямен сауда байланыстарын қолдайды. Қытай СІМ мәлімдеме жариялап, Американың сынына берген жауапта Солтүстік Кореямен сауда байланыстарының көлемін арттыруды қорғайтынын, сөйте тұра Бейжіңнің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Кореяға санкция салу туралы резолюцияларына да берік екендігін мәлімдеді.
Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысы да осы мәселеге қатысты берген сұхбатта Солтүстік Кореяның ядролық қару-жарақ жасау бағытында техникалық әлеуеттерін арттыруға қатысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі резолюцияларының бөлімдерін Қытайдың шынайылықпен сақтайтынын айтып, әрі елінің Солтүстік Кореяның гуманитарлық мәселелері мен қажеттіліктерін де түсінетінін мәлімдеді.
Қытай Кеденінің статистикасы осы елдің Солтүстік Кореяға экспорт көлемінің биылғы жылдың тамыз айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,4 пайызға артқанын көрсетеді. Алайда Солтүстік Кореядан импорт 9,5 пайызға кеміген.
Бейжің 2017 жылдың ақпан айында Солтүстік Кореядан тас көмір мен теңіз өнімдері импортына санкция салу арқылы Қауіпсіздік Кеңесінің резолюцияларымен ынтымақтастық жасады. Бірақ, Қытай Қауіпсіздік кеңесі тамақ өнімдеріне санкция салған жоқ деп санайды. Себебі, бұл Солтүстік Корея үшін өте маңызды.