Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық мәселелері жалғасуда
https://parstoday.ir/kz/news/world-i32011-Қазақстан_мен_Қырғызстанның_шекаралық_мәселелері_жалғасуда
Бішкектің Мәскеу және Ташкентпен кеңесулер өткізуіне қарамастан, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекара мәселесі әлі жалғасуда.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 30, 2017 14:34 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық мәселелері жалғасуда

Бішкектің Мәскеу және Ташкентпен кеңесулер өткізуіне қарамастан, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекара мәселесі әлі жалғасуда.

Шекаралық мәселелердің жалғасуы осы екі көршілес елде экономикалық дағдарыстың пайда болуына себеп болды. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы бекетіндегі кептеліс қазан айының оны күні екі көршілес елдің жауапты тұлғаларының дау-дамайы салдарынан пайда болды.

Қырғызстандағы жуырда өткен президенттік сайлаудың бір үміткерінің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінің жалғасында екі елдің, әсіресе шекаралық аймақтардың қатынастары айтарлықтай дәрежеде бұзылды.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанды өз еліндегі президенттік сайлаудың ішкі істеріне араласуда деп айыптап: "Біз шетел мемлекеттері басшыларының өз адамын біздің еліміздің президенттік тағына отырғызуға талпыныс жасап жатқанын байқап отырмыз. Қырғыз халқының сатылмайтынын түсіне отырып, олар қысым көрсету құралдарын пайдаланып отыр",- деді.

Бішкек үкіметі Қырғызстанда сәуір айында орын алған сел мен су тасқынына байланысты Қазақстан жіберген қаржы көмектерін қайтарып, оны қажет етпейтінін мәлімдеген болатын.

Бішкек үкіметінің бұл әрекеті біраз уақыт бұрын екі көршілес ел басшыларының Қазақстанның Қырғызстанға 100 миллион көлемінде қайтарымсыз көмек көрсетуіне байланысты өзара ынтымақтастық жасау туралы құжатқа қол қойған жағдайда орын алды. Қырғызстанның Орталық Азиядағы өз өмірінің жалғасуы үшін шетелдік көмектерге қатты мұқтаж әрі тәуелді екі елдің бірі екенін назарға алатын болсақ, Бішкек үкіметінің жуырдағы әрекеті айтарлықтай деңгейде ойлануды қажет етеді. Сол себепті қырғыз саясаткерлерінің шетелдік көмектерге көбірек қол жеткізу үшін лайықсыз әрекеттерге қатысты тіпті үнсіздік танытуы мүмкін екені белгілі. Осы арада Қырғызстан президенті Атамбаев басқа қырғыз саясаткерлерімен салыстырғанда айтарлықтай өзгеше әрекет ететіндей көрінеді.

Қырғызстан үкіметінің әрекеттеріне реакция ретінде Қазақстан үкіметі Бішкек үкіметінің барлық айыптауларын теріске шығарып, бұл уәжді дәлелдеу мақсатында Қырғызстандағы президенттік сайлауға өз бақылаушыларын жіберуден бас тартты.

Мұндай жағдайда халықаралық сарапшылар мәселені шешуі немесе Қазақстанның Қырғызстан үшін өз шекараларын жабуы үшін Ресейдің бітімгер ретінде араласуын қажет деп есептейді.

Бұл Ресей үкіметі осы уақытқа дейін үнсіздік танытқан жағдайнда орын алып отыр.

Мұның алдында Қырғызстан президенті Қазақстанмен пайда болған мәселені шешу мақсатында Еуразия экономикалық одағының кезектен тыс отырысын өткізуді ұсынған болатын. Бұл сөздерден кейін Қырғызстан президенті телефон арқылы Ресей және Өзбекстан басшыларымен кеңесті.

Бірақ Қырғызстан президентінің қатал ұстанымдарына қарамастан, Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Аян Еренов Бішкекте өткен ТМД елдерінің Сауда палатасы төрағаларының 15-ші отырысы аясында: "Қырғыздар мен қазақтар экономика саласында екіжақты ынтымақтастықты қажет ететінін жақсы біледі. Сол себепті бұл мәселені саясатпен араластырғысы келмейді",- деді.

Қорытындылай келе, Қазақстан мен Қырғызстан шекараларындағы жөнсіз жағдайдың ұзаққа созылуы Орталық Азия аймағындағы екі көршілес елдің қарым-қатынастарында бұрын-соңды болмаған. Қырғыз және қазақ сарапшыларының екі көршілес елдің ынтымақтастығының жалғасуының маңызына қатысты айтқан сөздеріне қарамастан, Қырғызстан президенті ауысқанға дейін екі көрші ел арасындағы мәселелердің шешілуі екіталай.