Қар 11, 2017 14:43 Asia/Almaty
  • Иран елшілігі Йеменнің эр-Риядқа зымырандық шабуылы туралы Ұлыбританияның ұстанымына наразылық білдірді

ИИР-ның Ұлыбританиядағы елшісі мәлімдеме жасап, Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары Алистер Берттің Йеменнің эр-Риядқа шабуылында ирандық зымыранның қолданылу ықтималдығы жайында айтқан мәлімдемесіне елінің наразылығын білдірді.

Йемен армиясының зымырандық бөлімшесі қарашаның төрті күні Сауд Арабиясының қылмысына жауап ретінде бір баллистикалық зымыранды Сауд Арабиясының астанасы эр-Риядтың солтүстік-шығысындағы Малек Халед әуежайына қарай атты.

ИИР-ның Ұлыбританиядағы елшілігі жұма күні  Йеменге басқыншылық жасап жатқан саудиялық коалицияның эр-Риядтағы әуежайға атылған зымыранның Иранда жасалғаны туралы мәліметін теріске шығарып: «Өткен екі жылдың ішінде Йеменнің жазықсыз әйелдері, балалары мен қорғансыз халқын рақымсыз қырып-жою және осы елдің инфрақұрылымдық нысандарын қирату  Батыс елдерінің, соның ішінде  Ұлыбританияның қару-жарақтарын пайдалану арқылы жүзеге асырылды»,-деп мәлімдеді.

ИИР-ның Ұлыбританиядағы елшілігі Йеменнің жазықсыз халқын қырып-жоюды тез арада тоқтатып, бұл елдегі дағдарысты доғару қажеттігін қуаттап: «Иран Сыртқы істер министрінің 2015 жылы ұсынған 4 баптан тұратын жобасы  шұғыл түрде атысты тоқтату бітімін орнату,  гуманитарлық көмек жіберу, «йемендік-йемендік» диалог өткізу және бүкілхалықтық үкімет құрудан тұрады. Бұл жоба Йемен дағдарысын шешу үшін  әлі де жарамды болғандықтан, оны қолдануға әбден болады»,-деді.

 

Тегтер