Өзбекстан, Түркіменстан мен Қазақстан арасындағы шекараны белгілеу туралы келісімге қол қойылды
Өзбекстан, Түркіменстан мен Қазақстан "Орта Азияның қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы" атты халықаралық конференцияда үш шекаралық облыстың аумағын айқындау мақсатында шекараны белгілеу туралы келісімге қол қойды.
"Спутник" ақпарат агенттігінің Өзбекстаннан хабарлауы бойынша, шекаралық келісімге Өзбекстанның Самарқанд қаласында Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов және Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қойды.
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев бұл келісімге қол қойылуды үш елдің шекара белгілеу саласындағы әріптестігінің жақсы нышаны деп атады.
Сонымен қатар Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов та бұл келісімге қол қойылуын Орта Азия үшін тарихи оқиға деп атап: "Осы құжатпен үш елдің шекараларын заңды түрде тіркеу үдерісі аяқталды",-деді.