Зариф: Жеке сектор – Иран мен Арменияның экономикалық байланыстарының қозғалтқышы
(last modified Tue, 28 Nov 2017 13:38:19 GMT )
Қар 28, 2017 19:38 Asia/Almaty
  • Зариф: Жеке сектор – Иран мен Арменияның экономикалық байланыстарының қозғалтқышы

ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі жеке сектордың жұмысын Теһран мен Ереванның экономикалық байланыстарының қозғалтқышы деп атады.

Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф бүгін Ереванда Армения Сыртқы Істер Министрі Эдвард Налбандянмен кездесуде сауда форумын өткізіп, мұнай, газ, электр қуаты және транзит салалары бойынша серіктестік жасап, тасымал ісінде жеңілдік қалыптастыруды, компаниялардың қиындықтарын шешіп, екі ел халықтарының байланыстарын арттыру қажеттігін қуаттады.

Зариф Иран мен Арменияның байырғы байланыстарына тоқталып, байланыстарды экономика саласында арттыруға және ортақ экономикалық комиссия өткізуге мүдделік танытты.

Армения СІМ Эдвард Налбандян да кездесуде Иран СІМ мен қасындағы делегацияның Ереванға келуіне алғыс айтып, екі ел байланыстарының артып келе жатқанын, Арменияның әртүрлі салаларда, әсіресе экономика саласында Иранмен серіктестіктерді арттыруға әзірлігін мәлімдеді.

Зариф пен Налбандян кездесуден кейін ортақ баспасөз брифингін өткізді. Иран СІМ Теһран мен Ереван байланыстарының жоғары деңгейіне тоқталып, Иран мен Армения байланыстарын өте жақсы деп бағалады. 

 

Тегтер