Ирандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i32701-Ирандық_ауыр_атлет_әлем_чемпионатында_алтын_медаль_алды
Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында 94 келі салмақ тобында алтын медаль алған Сохраб Моради АҚШ-та өткен әлем чемпионатында да бірінші орынды иеленді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 04, 2017 14:02 Asia/Almaty
  • Ирандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль алды

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында 94 келі салмақ тобында алтын медаль алған Сохраб Моради АҚШ-та өткен әлем чемпионатында да бірінші орынды иеленді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сохраб Моради жұлқа көтеру бойынша 184 келіні көтеріп, бір келі айырмашылықпен алтын медаль алған.

Моради серпе көтеру бойынша бірінші мүмкіндігінде 219 келіні бағындырып, жалпы көтерген салмағын толықтырып, алтын медальға қол жеткізді.

94 келі салмақта өнер көрсеткен ирандық ауыр атлет екінші мүмкіндігінде 233 келіні бағындырып, 17 жылдан кейінгі серпе көтеру бойынша әлемдік рекордты бір келі айырмашылығымен жаңартып, жалпы салмақ бойынша өзі орнатқан әлемдік рекордты 4 келі айырмашылықпен жаңартты.

Сондай-ақ 94 келі салмақта өнер көрсеткен Сейед Айуб Моусави жұлқа көтеру бойынша 171 келіні бағындырып, бесінші орынға орналасса, серпе көтеру бойынша 214 келі салмақты көтеріп, қола медальға қол жеткізді.