Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы екі бекет ашылды
Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз хатшысы Қазақстанмен арадағы екі бекеттің ашылғанын хабарлады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Ақ- Тілек" тексеру-өткізу бекетіндегі жүк тасымалдайтын көліктердің кезегі 10 есе азайды.
2017 жылы қазанның оны күні Қазақстан үкіметі Қырғызстанмен арадағы шекарадан адамдар мен тауар өткізу режимін шектеген болатын. Соның салдарынан қырғыз елінен Қазақстанға келетін адамдар мен тауар тиеген жүк көліктерінің ұзын кезегі пайда болды. Қазақстан үкіметі басшыларының пікірінше, екі ел арасындағы шекарадағы бақылауды күшейту тауар контрабандасымен күресу үшін қажет іс.