АҚШ үкіметі бюджет тапшылығына байланысты өз жұмысын тоқтатуы ықтимал
АҚШ президенті бюджет тапшылығына байланысты бұл ел үкіметінің жұмысын тоқтату ықтималдығы туралы хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп: "Бюджет тапшылығына байланысты АҚШ үкіметі сенбі күні өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұл жағдайға демократтар кінәлі. АҚШ Сенаты мен Өкілдер палатасы 2017 жыл желтоқсанның сегізіне дейін АҚШ үкіметінің бюджетіне байланысты келісімге келмейтін болса, бұл елдің мемлекеттік әкімшілігі өз жұмысын тоқтатады",- деп мәлімдеді.
Демократтар мен республикашылдар өкілдері арасында пайда болған қайшылықтың негізгі тақырыбы "DACA" жобасы немесе DREAM (Development, Relief, and Education for Alien Minors) бағдарламасын қамтитын заңсыз мигранттардың балаларына қатысты. Трамп 2017 жылы қыркүйек айында АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама үкіметі қабылдаған The Deferred Action for Childhood Arrivals (DACA) атты бағдарламаның күшін жойды. DACA бағдарламасына сәйкес, бұл елге заңсыз түрде келген мигранттардың балалары белгілі бір мерзімге дейін жұмыс істеуге немесе оқуын жалғастыруға құқылы болған.