Антониу Гутерриш америкалық ақпарат құралдарының Иранға қарсы уәждерін теріске шығарды
БҰҰ-ның бас хатшысы Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын жүзеге асыру жайлы есебінде америкалық ақпарат құралдарының өткен айда Иранның ядролық технологияларды сатып алу талпыныстары жайлы бұл елге қарсы айтқан уәждерін теріске шығарды.
Fars ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриштің есебінде: "Германия Федеративтік Республикасының Ішкі қауіпсіздік ұйымының 2016 жылғы баяндамасына сәйкес, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында ешқандай заң бұзушылық жайты орын алмаған. 2017 жылы қарашаның жиырма жетісі күні Германия Федеративтік үкіметі БҰҰ-ның бас хатшысына Иранның Германияда №2231 қарарының В қосымшасының 2-параграфына қайшы келетін әрекет жасағанының ешқандай белгісі жоқ деп хабарлады",- деді.
Fox News арнасы өткен айда Иранның 2017 жылдың қыркүйек-қазан айларында зымыран жасау және ядролық бағдарламасына пайдалануға болатын технологияларды заңсыз түрде сатып алуды көздегенін дәлелдейтін Германияның үш ақпараттық есебіне қол жеткізгені жайлы хабарлаған болатын.