Ресей Иран және Түркиямен одақтасуға өтініш білдірді
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иран, Ресей және Түркияның Сирия мәселесін шешудегі үшжақты жетістіктері негізінде жаһандық мәселелер мен шиеліністерді шешу үшін үш мемлекеттің одақтасуы керектігі туралы ұсыныс жасап:
«Үш мемлекеттің ортақ экономикалық, энергетикалық және қаржы мүдделері бар. Сондықтан, АҚШ тарапынан қадағаланатын заманауи әлемнің қаржы-валюталық жүйесіне тәуелді болуды қаламаймыз. Астана үдерісі аясында лаңкестерді басып-жаныштау мен шиелініс азайтылған аймақтардың тиімділігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2245 резолюциясына негізделген Сирия дағдарысын саяси жолмен шешудің келесі кезеңіне өту үшін лайық кеңістік тудырды. Ресей, Иран және Түркияның ортақ мүдделері Астана үдерісі шеңберінде қадағаланатын тиімді әрекетті қамтамасыз етеді. Осы ретте үш мемлекет Сочи қаласында бірінші рет отырыс өткізіп, Сирияның ұлттық келіссөздері конгресін өткізу туралы ұсыныс жасады» деді.