Хошру: Сионистік режимнің басқыншылығы – Таяу Шығыстағы дағдарыстардың факторы
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33197-Хошру_Сионистік_режимнің_басқыншылығы_Таяу_Шығыстағы_дағдарыстардың_факторы
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі сионистік режимнің басқыншылығын Таяу Шығыс пен одан тыс аймақтағы барлық дағдарыстар мен қайшылықтардың факторы деп атап: "БҰҰ бұл ақиқатты танығанына біраз уақыт болды",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 22, 2017 15:20 Asia/Almaty
  • Хошру: Сионистік режимнің басқыншылығы – Таяу Шығыстағы дағдарыстардың факторы

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі сионистік режимнің басқыншылығын Таяу Шығыс пен одан тыс аймақтағы барлық дағдарыстар мен қайшылықтардың факторы деп атап: "БҰҰ бұл ақиқатты танығанына біраз уақыт болды",- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ғоламали Хошру бейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының Құдсқа мәселесіне қатысты төтенше отырысында: "Өткен бірнеше онжылдық ішінде сионистік режим үздіксіз Палестина жерін басып алып, палестиналықтарды өлтіріп, оларды панасыз қалдырып, түрлі қылмыстарды жасап жатты.

Осы бағытта АҚШ сөзсіз қолдау көрсету арқылы кез келген мүмкін жолмен Израиль режиміне көмек көрсетіп отырды.

АҚШ үкіметінің Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындау туралы жуырдағы заңсыз шешімі АҚШ-тың тек сионистік режимнің мүдделерін барынша қамтамасыз етуді көздейтінін және оның палестиналықтардың заңды құқықтарына, атап айтқанда өз тағдырын шешу құқығын құрметтемейтінін дәлелдеді,",- деді.