Жел 23, 2017 20:43 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-тың әртүрлі мемлекеттерге қоқан-лоққы мазмұнға ие хат жолдағанын әшкереледі

Ресей Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ғы АҚШ-ның тұрақты өкілінің Құдс мәселесіне байланысты мемлекеттердің өкілдеріне қоқан-лоққы мазмұндағы хат жібергенін әшкере етті.

ТАСС агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ресей СІМ жұма күні мәлімдеме жариялап, БҰҰ-ға АҚШ-ның тұрақты өкілі Никки Хейли Құдсты қолдау резолюциясына БҰҰ-ның Бас ассамблеясында дауыс беру қарсаңында өзге мемлекеттердің өкілдеріне хат жолдап, резолюцияны қолдаған жағдайда АҚШ-тың көмегі мен қолдауы тоқтатылатыны туралы сес көрсеткен болатын. Дегенмен, резолюция қабылданды.

Ресей СІМ 128 мемлекеттің, соның ішінде Ресейдің Құдсқа қатысты резолюцияны қолдағанына, сонымен қатар қарсы дауыс берген елдердің болғанына тоқталып, АҚШ-тың қоқан-лоққысы мен бопсасының тек кейбір мемлекеттерге ғана әсер еткенін қуаттады.

 

Тегтер