Өзбекстан Қазақстанға 143 миллион доллар қарызын төледі
Өзбекстанның электр қуаты компаниясы Қазақстанға 143 миллион доллар қарызын төледі.
«Fars» агенттігінің хабарлауы бойынша, Өзбекстанның электр қуаты компаниясы «Uzbekenergo» Қазақстанның «KEGOC» компаниясының қарызын толығымен өтеді.
Өзбекстанның электр қуаты компаниясының 2011-2017 жылдар аралығындағы қазақстандық компанияға қарызы 143 миллион долларды құраған.
Алмазбек Атамбаевтың 5 қазан күнгі Ташкент іс-сапары барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасында жасалған келісімге сәйкес, ағымдағы жылдың 15-ші желтоқсанынан бастап Өзбекстанға электр қуатын экспорттау басталды.
Биылғы жылдың желтоқсан айынан бастап 2018 жылдың наурыз айына дейін Қырғызстан Өзбекстанға 550 миллион киловатт сағат қуат жібереді.
Өзбекстанның қуат жүйесі Қырғызстан, Қазақстан, Ресей және тағы да басқа ТМД елдерінің қуат жүйелерімен байланысты.